«ЕМНІҢ АЛДЫ – ҚОЗҒАЛЫС»
Осындай ұранмен Қазалыдағы «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ қамқорлығындағы «Шапағат» мүгедек балаларды оңалту орталығында дәстүрлі күзгі спартакиада болып өтті.
Спартакиаданың жүлделерін «Шапағаттың» тәрбиеленушілері – тірек-қимыл жүйесінде аздап ақауы бар мүгедек балалар сарапқа салды. Жеңімпаз команда жарыстың өз мүмкіндіктеріне сай келетін төрт түрінен сайыста анықталды. Кешенді эстафетаға «Күншуақ», «Аспан» және «Жұлдыз» командалары қатысты. Қатысушыларға қызықты сынақтардын ептілікпен өтулеріне тура келді – олар: үлкен доптардың үстінде секіру, кішкентай шарларды жинау, баскетбол добын қағып алу бойынша түрлі эстфеталарда бар ынталарымен жарысты.
Көңілді де тартымды өткен сайыста бірінші орынды «Күншуақ» командасы жеңіп алды. Топтың капитанына құрметті марапат - Спартакиада Кубогы салтанатты түрде табыс етілді. Жарыс қорытындылары бойынша спартакиаданың әрбір қатысушысы грамотамен, әдемі де сәнді спорт киімімен және тәтті жүлделермен марапатталды. Бұл сыйлықтардың барлығын балаларға осы спорттық шараның демеушісі - «ПетроҚазақстан» компаниялар тобына кіретін «Көлжан» ЖШС ұсынды.
«Шапағаттың» тәрбиеленушілерінің бірінің анасы Гүлнар Сартаеваның айтуынша, балалардың қуанышында шек жоқ.
- Осындай «Көңілді старттар» мүгедек балаларға физикалық тұрғыдан дамуға және қоғамға бейімделуге мүмкіндік береді. Әрбір бала дене қозғалысы ойындарын жақсы көреді, сондықтан олар мұндай спартакиадалардың жиі өткізілгенін қалайды. «Көлжан» серіктестігіне осы спорттық шараны ұйымдастырып, балаларды сыйлықтармен қуантқаны үшін аналық алғысымды білдіремін. Оларға табыс және өркендеп-өсулерін тілеймін!
Дастан ДЕМЕСБАЙ.
Суретті түсірген Андрей ТАЙГУНОВ