ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА «БАТЫС ЕУРОПА – БАТЫС ҚЫТАЙ» КҮРЕ ЖОЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУДА
Қызылорда облысында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік автожолының құрылысы аяқталуға жақын, деп хабарлайды BNews.kz.
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық автотрассасының 811,7 шақырымы Қызылорда облысы аумағынан өтеді. Облыстық кәсіпкерлік, сауда және туризмді дамыту басқармасының мәліметінше, Қызылорда облысы аумағындағы автомагистральді жаңғыртуға 16600 адам үлес қосқан. Бүгінде Қармақшы ауданынан Сырдария ауданы Ақжарма ауылы аралығындағы аумақта соңғы жұмыстар жасалып жатыр. Ол шамамен 40 шақырымдай жер. Жұмысты әзірбайжандық мердігер «EVRASCON» «Еуро-Азиялық құрылыс корпорациясы» жүргізуде.
- Бүгінде асфальттың қалыңдығы бес сантиметрдей болатын үшінші қабатының 16 шақырымдайы қалды, - деп толықтырды Азер Насибов.
«Сонымен қатар Жалағаш ауданы орталығындағы жолдың құрылысы да аяқталуға жақын. Жуырда мұнда автокөліктер төрт жолақты жолмен жүре алады», - деді осы аймақтың басшысы Вахид Мамедов.
Шынар БЕКБАН