ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ КЕҢІНЕН АТАЛЫП ӨТТІ
Кәсіби мереке аясында Департаменттің және қалалық, аудандық бөлімшелердің жеке құрамына төтенше жағдайлар саласы ардагерлерімен кездесу, төтенше жағдайларда қаза болған құтқарушылардың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою, облыстағы құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында түрлі спорттық жарыстар, қызметкерлердің балалары арасында сурет салу, өлең оқу сайыстары, сонымен қатар Қызылорда қаласының орталық алаңында қала халқы мен қонақтары үшін қазіргі заманауи құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларының көрсетілімі ұйымдастырылды.
2015 жылғы 24 қазанда Қорқыт ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университетінің Студенттер сарайында Құтқарушылар күні мерекесіне арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиынға облыс әкімдігінің басшылары мен облысымыздағы құқық қорғау органдарының басшылары, Департамент пен ҚР ІІМ ТЖК-нің облыс аумағында орналасқан құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері мен олардың жанұя мүшелері, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою шараларына тікелей атсалысқан басқа да ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ облыстағы төтенше жағдайлар саласы ардагерлері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Омар Бержанов, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары Айдын Кайруллаев, қалалық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Мақсұт Баекеев, Төтенше жағдайлар саласының ардагері Қорғанбек Қайруллаев.
Бұдан соң Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Омар Бержанов ерекше көзге түскен қызметкерлерді мақтау қағаздарымен және алғыс хаттармен марапаттады.
Салтанатты жиында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мемлекеттік жүйесін дамытуға және нығайтуға белсене қатысқан, Қазақстан Республикасында өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде табыстарға қол жеткізген құтқару бөлімшелерінің 25-тен аса қызметкері ведомстволық марапатпен марапатталды.
Кәсіби мереке қарсаңында өткізілген әр түрлі жарыстарға қатысқан қатысушылар да назардан тыс қалған жоқ. Сайыстардың жеңімпаздары дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Мерекелік шара аясында Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті мен «ТЖ органдары ардагерлерінің Қазақстандық ұйымы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облысымыздағы төтенше жағдайлар жүйесінің ардагерлеріне мерекелік дастархан жайылды.
Салтанатты шара соңы Қызылорда облысы ТЖД-нің «Сыр лебі» фольклорлық ансамблдің концерттік бағдарламасына ұласты.
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы