СЕЙСЕНБІ КҮНІ РЕСПУБЛИКАНЫҢ КЕЙ АЙМАҚТАРЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫН ЖАУЫП, ТҰМАН ТҮСЕДІ
27 қазан күні Қазақстанның көптеген бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек батысында және солтүстік-батысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ күтіледі. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел 17-22 м/с күшейеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады. Түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.