«АУЫЛҒА ҚАДАМ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУМЕН АРШЫНДЫ»
Бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында республикалық «Қазақстан-Заман» газетінің редакторы Ертай Айғалиұлы журналистерге брифинг өткізді. Брифингке сонымен қатар «Қазақстан-Заман» газетінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі Бейбітбек Бүркітбайұлы қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты – Ұлт Жоспары: «100 нақты қадам» аясында «Ауылға қадам өзін-өзі басқарумен аршынды» тақырыбында «Нұр Отан» партиясының, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің және халықаралық «Қазақстан - Заман» газетінің бірлескен экспедициясы барысымен таныстыру болып табылады.
- Өздеріңізге белгілі 2008-2009 жылдары ауылдарда 70-тен астам мәселелер болатын. Осы мәселелерге біз жыл сайын нүкте қойып келдік, - деді Ертай Айғалиұлы. – Ұлт Жоспары: «100 нақты қадамның» 98-қадамында ауылға кеңірек тоқталған. Бүгінде елімізде 7500-дей ауыл бар десек, соның 1000-ға жуығының болашағы жоқ, яғни төмен дейгейдегі ауылдар. Себебі, бүгінде ауылдағы жастардың барлығы дерлік, қалаға қарай кетіп, бүгінгі ауыл қартайып келе жатқандығын біз жоққа шығара алмаймыз. Осы тұста Елбасының сындарлы саясатын айта кету керек. Ауылда да шағын бизнесті дамытуға түрлі мүмкіндіктер жасалып келе жатыр. Сондықтан әрбір азамат өзінің ауылын түлетуге ат салысу керек.
Бүгінде экспедиция мүшелері 9 облысты аралап келе жатқандығын атап өтті. Ендігі кездесу Қармақшы ауданында, одан кейін Қазалы, Арал аудандарында жалғасын табады. Ал Қызылорда облысынан соң Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстанға баратындықтарын жеткізді. Экспедиция 25 желтоқсанда «Нұр Отан» партиясы, депутаттар мен министрлердің қатысуымен өткен мәжілісте қорытындыланбақ.
Шынар БЕКБАН