ҚАЗАҚСТАННЫҢ СОЛТҮСТІГІ МЕН ОҢТҮСТІК-БАТЫСЫНДА ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛУЫ ЫҚТИМАЛ
Дүйсенбі, 26 қазанда Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстік-батысында кей жерлерде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, оңтүстік және шығыс бөлігінде жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.
«Қазгидромет» РМК ақпаратынша, Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейіп, шаңды дауыл болуы ықтимал. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде көктайғақ, тұман, жел 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін. Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады. Шығыс Қазақстан облысында Жарма ауданында жел 15-20 м/с дейін жетуі ықтимал. Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел жылдамдығы 18-23, кей жерлерде 27 м/с болады деп күтілуде.