ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ FACEBOOK ЖЕЛІСІНДЕ ЖАҢА ПАРАҚШАНЫ ІСКЕ ҚОСТЫ
ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Facebook әлеуметтік желісіндегі жұмыс форматының өзгеруі жөнінде түсініктеме берді, деп жазады 24.kz.
«Президенттің баспасөз қызметі 23 қазаннан бастап Facebook желісінде AkordaBaspasoz атты жаңа парақшаны іске қосқалы отыр. Парақшадағы материалдар мемлекеттік тілде жарияланатын болады. Бұл арқылы елдегі және шет елдердегі қазақ тілді сайт пайдаланушылары үшін Мемлекет басшысының қызметі туралы маңызды әрі қызғылықты ақпараттар алуға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, қолданыстағы AkordaPress контенті де тиісінше орыс тіліндегі жұмыс режіміне көшеді. Аккаунттар мазмұны әркелкі аудиторияның сұранысына бейімделетіндіктен, жаңалықтардың берілу формасында айырмашылық болады. Біз уақыт талабына сай болуға тырысып, азаматтар күткен үдеден шығуға бағыт ұстап отырмыз. Пайдаланушылар бұл өзгерістерге лайықты бағасын береді деп сенемін», - деп мәлімдеді Д. Абаев.