ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ КҮН АШЫҚ БОЛАДЫ
Қазақстанның басым аумағында күн жауын-шашынсыз, тек республиканың батысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық ағындардың өтуінен күн райы құбылмалы болады, кей жерлерде өткінші жауын жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.
Солтүстікте, солтүстік-батыста түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі деп күтілуде. Шығыс Қазақстан, түнде Маңғыстау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Алматы облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл көтеріліп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды және Павлодар облыстарында кей жерлерде ауа температурасы 0-5 градусқа дейін төмендейді. Күндіз Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады деп болжануда.
Республиканың оңтүстігінде, кей жерлерде батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, шығыста, оңтүстік-шығыста және орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.