ЖЕР ҚОЙНАУЫ – ХАЛЫҚ ҚАЗЫНАСЫ
Облыста геология саласы ілгерілеп келеді. Еліміздің экономикасын дамытудың материалдық негiзі болып табылатын жер қойнауын зерттеуде басымдылық болашаққа бағытталып отыр. Геологиялық барлау үшін оңтайландырылған тәртіппен жер қойнауын пайдалану құқығын беру тәртібі мен шарттары жөнінде бүгін «Сыр медиа» жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы басшысы Шахизат Қалбергенов хабарлады.
Жер қойнауын пайдалану құқығын беруге өткізілетін конкурс қазір екі әдіспен жүргізіледі, яғни байқау және аукцион түрінде. Сонымен қатар, Жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жаңа институты – «Бірінші келдің-бірінші алдың» принципі бойынша аз зерттелген жер қойнауы учаскелеріне барлау үшін оңайлатылған тәптіппен жер қойнауын пайдалану құқығы.
Ш.Қалбергеновтың айтуынша, қазіргі таңда жалпы бағдарламалар аясында Сырдария бассейнінің геологиялық зерттеу жұмыстары басталды. Соның аясында Сырдария, Шиелі, Жаңақорған аудандарында жүргізіліп жатқан зерттеу-барлау жұмыстары Кеңес үкіметі кезінде-ақ алтын, мыс қорының мол екенін анықтаған болатын. Осы бағыттағы геологиялық барлау жұмыстары жалғасын таппақ.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА