ЕАЭО ЕЛДЕРІ «НЕСИЕ ТАРИХЫ» ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРМЕН АЛМАСУҒА НИЕТТІ
ЕАЭО елдері өзара кредиттік тарих туралы мәліметтермен алмасу жайын қарастыруда. Мұндай мәліметтер ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Тимур Сүлейменовтің төрағалығымен өткен Еуразиялық экономикалық саясат алқасы жанындағы Қаржы нарықтары жөніндегі консультативтік комитеттің кезекті жиынында баяндалды, деп хабарлайды BNews.kz.
ЕЭК баспасөз қызметінен хабарланғандай, жиын қатысушылары ЕАЭО мүше елдерінің несие тарихын қоса қамтитын мәліметтермен алмасудағы өзара әрекеттестігі туралы келісім тұжырымдамасының жобасын талқылап, осы салада ЕАЭО мүше елдерінің әрекеттестігін ұйымдастыру бойынша жұмыс тобының құрамы мен регламентін бекітті.
«Келісім Одаққа мүше елдердің азаматтары мен кәсіпкерлік субъектілеріне ЕАЭО мүше елдерінің аумағында орналасқан қаржы институттарына кредит мәселесімен жүгінгенде тең жағдай жасауға бағытталған», - деп атап өтті ЕЭК экономика және қаржы саясаты жөніндегі алқа мүшесі Тимур Сүлейменов.