ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІ МЕН СОЛТҮСТІК-ШЫҒЫСЫНДА ҚАР ЖАУЫП, КӨКТАЙҒАҚ БОЛАДЫ
Жұма күні Қазақстанның солтүстік және солтүстік-шығыс бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады, республиканың қалған бөліктерінде ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды BNews.kz.
Ақмола облысында аздаған боран соғып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде боран соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Павлодар облысында, синоптиктердің болжауынша, боран болып, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қарағанды облысында түнде кей жерлерде боран соғып, тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Шығыс Қазақстан облысында да жел жылдамдығы 20 м/с дейін жетеді.
Қостанай облысында кей жерлерде жел күшейіп, жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда, Ақтөбе облыстарында тұман түседі деп күтілуде. Атырау, Маңғыстау облыстарында күндіз кей жерлерде жел жылдамдығы 17-22 м/с дейін жетіп, топырақты дауыл тұрады. Алматы, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады деген болжам бар.