ҒАРЫШ САЛАСЫНЫҢ 2017 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ ЖАРИЯЛАНДЫ
Осы күндері Алматыда «Алдыңғы қатарлы ғарыш зерттеулері мен технологиялары» тақырыбында өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік семинар барысында ғарыш саласын дамыту жоспары жарияланды. Ғарыш зерттеу орталығының қызметкерлері ХҒС-да жүргізілген сынақ жұмыстарын зерттеуге кірісті, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Айдын Айымбетов ғарышта болған кезінде жүргізген зерттеу материалдары Жерге келіп жетті.
«Айдын Айымбетов жүргізген сынақтардың бәрі сәтті өтті. Осыдан бірнеше күн бұрын ХҒС бортынан мәліметтері бар қатты диск келіп жетті. Оның ішіндегі мәліметтерді мамандар арасында үлестіріп жатырмыз. Әзірге нәтиже зерттелу үстінде», - деп «Ғарыштық зерттеулер мен технологиялар ұлттық орталығы» АҚ президенті Жұмабек Жантаев мәлім етті.
Оның айтуынша, 2015-2017 жылдарға келесі әрекеттер жоспарланған:
2015 жыл – ХҒС бортында сынақтар жүргізу үшін техникалық тапсырмалар мен арнайы құжаттамалар әзірлеу.
2016 жыл – ХҒС бортынан келген сынақ нәтижелерін зерттеу, оларды жер бетінде сынап, тексеру.
2017 жыл – алынған нәтижелерге талдау жасап, арнайы технологиялар, әдістемелер мен кеңестер әзірлеу.