А.МЫРЗАХМЕТОВ: ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУЫ ӨЗГЕ ӨҢІРЛЕРГЕ ҮЛГІ
Бүгін «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов жұмыс сапарымен Қызылорда облысында болды. Алдымен облыс әкімдігінің ахуалдық орталығында облыстық партия активімен кездесіп, алдағы жұмыс бағыттарын талқылады. Мәжіліске қала мен аудандардан барлығы 400 нұротандық селекторлық байланыс арқылы қатысты. Партия белсенділерімен кездесу барысында А.Мырзахметов өңірдегі бастауыш партия ұйымдарына аса мән беріліп, жергілікті филиалдардағы қызметкерлер саны 43%-ға, яғни 358 адамға артқанын айтты.
- Шағын және орта бизнесті дамытуды партиялық бақылауға алғалы отырмыз. Себебі ол халықты жұмыспен қамтамасыз етуге мол мүмкіндік береді. Қазіргі дағдарыс жағдайында біз осыған басымдық беруіміз керек,- деген Асқар Мырзахметов Сыр өңірінде жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын берді. - «Жалпы Қызылорда облысының дамуы өзге өңірлерге үлгі боларлықтай. Елбасының Сыр өңіріне сапары аясында Қызылорда облысына берген жоғары бағасы осының айғағы», -деді ол.
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев «Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысынбаяндап, дағдарыс жағдайында экономиканы әртараптандыруға және жұмыс орындарын сақтап қалуға басты назар аудару керектігіне тоқталды.
- Біздің ең басты міндетіміз – бар жұмыс орындарын сақтап қалып, жаңа жұмыс орындарын ашуға жағдай жасау. Қазіргі экономикалық жағдай Нұр Отанға бұрынғыдан да жоғары күш жүктейді. Сондықтан, үрейді – үкілі үмітке, секемді – сейілге айналдыру керек, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
Жұмыс сапары барысында А.Мырзахметов вагон жөндеу депосында болды. Жұмысшылармен кездесіп, кәсіпорынның жұмысымен танысты. 80 жылдық тарихы бар темір жолдың тозған вагондарын қалыпқа келтіретін бұл өндіріс орнында қазір 405 адам жұмыс істесе, оның 228-і «Нұр Отан» партиясының мүшесі.
Мүнан соң қонақтар «Өндіріс» индустриалды аймаққа ат басын бұрды. 50 гектар аумақты алып жатқан шыны зауытының құрылысымен танысты. Заманауи технологияға негізделген бұл өндіріс орны күніне 600 тонна шыны табақшасын шығаруға қуатты. Қазір құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Зауытқа қажет қойма салынып, 100-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Жоспарға сәйкес өндіріс орнын 2017 жылы іске қосу көзделіп отыр. Шыны зауытының өнімдері жаңа технология бойынша өндірілетін болады. Сондықтан, оның экспорттық әлеуеті да жоғары болмақ.