МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАУЫ ТЕК КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҮЗЕГЕ АСАДЫ
Мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық жоғарылауы тек конкурстық негізде жүзеге асады. Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Мемлектетік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров осылай мәлім етті, деп жазады ҚазАқпарат.
Еске салайық, жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы талқыланған болатын. Аталған құжат Елбасы айқындаған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы мемлекеттік аппараттың кәсібилігі мен дербестігіне бағытталған шараларды жүзеге асыруға бағытталады.
«Құжат тұтастай алғанда мемлекеттік қызмет саласында ашық конкурстық іріктеуді қамтамасыз етуге, құзыреттілік негізінде мақсаттық, яғни лауазымдық жоғарылатуға, нәтижеге байланысты еңбекақыны анықтауға бағытталады. Бұл шаралар мемлекеттік қызметтегі тамыр-таныстық, ағайынға бұрушылық пен заңсыз қамқоршылық жағдайларын барынша жояды», - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаров.
Оның айтуынша, заң жобасы бойынша алғаш рет мемлекеттік қызметке қабылдау үш сатылы конкурстық іріктеу арқылы жүзеге асатын болады. Бірінші кезеңде үміткерлер заңдарды білу мен құзыреттілік бойынша тестілеуден өтеді. Екінші кезеңде агенттік арнайы сұхбаттасу арқылы үміткердің жеке қасиеттерін тексереді. Үшінші кезеңде мемлекеттік орган кандидаттың кәсіби білімін, біліктілігін айқындайтын болады. Конкурстан сәтті өткендер үшін тәлімгерлер белгілене отырып, үштен алты айға дейінгі аралықта сынақ мерзімі белгіленеді. Сынақ мерзімінен өте алмағандар агенттіктің келісімімен жұмыстан босатылуы тиіс.
«Мемлекеттік қызметкерлердің мансаптық жоғарылауы тек конкурстық негізде жүзеге асатын болады. Бұл ретте құзыретпен қатар, төменгі лауазымдағы жұмыс өтілі де талап етіледі. Бұрынғы депутаттардың, саяси қызметкерлердің, судьялардың, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу тәртібі жеңілдетіледі. Бұл үшін комиссия шешімі ғана қажет етіледі», - деді Қ. Қожамжаров.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби әлеуетін неғұрлым тиімді пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік әкімшілік қызметтердің ротациясы жүзеге асырылады. Ал мемлекеттік қызметшілер басқа жерге ротация кезінде жекешелендіру құқығынсыз мемлекеттік тұрғын жаймен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер үшін нәтижелілік бойынша еңбекақы жүйесі енгізіледі. Бұл «бірдей еңбек үшін бірдей еңбекақы» қағидатын қамтамасыз етіп, осы мақсатта құқықтық негіз белгіленеді.
Біршама талқылаудан соң Сенат аталған құжатты қабылдады. Парламент қабылдаған заң енді Мемлекет басшысының қол қоюына жолданады.