БЖЗҚ ҚАРАЖАТЫ ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН НЕСИЕЛЕУГЕ ЖҰМСАЛУЫ МҮМКІН
Бірыңғай зейнетақы қорындағы қаражат экономиканы несиелеуге жұмсалуы мүмкін. Мәжілістің жалпы отырысына қатысқан Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов осындай болжам айтты, деп хабарлайды 24.kz.
Бас банкирдің сөзіне сенсек, экономика арзан әрі қолжетімді ұлттық валютадан тапшылық көрмейді. Бұл банк секторы мен тұрғын үй құрылысына да қатысты болмақ. Мұнымен қоса, Келімбетов депутаттармен валюта бағамына қатысты да пікірімен бөлісті.
- Жағдай бүгін ертен тұрақталады деп кесіп айта алмаймын. Мұнай бағасының қалай құбылатынын ешкім де дөп басып болжай алмайды. Егер қара алтын құны, 60-70-80 долларға дейін көтерілсе, теңге құны да тұрақтайды. Егер 30-40 долларға төмендесе, онда жағдайдың қалай өрбейтінін өздеріңізде түсініп отырған боларсыздар. Бұл жерде ешқандай сиқыр жоқ, біз әлем нарығы ұсынып отырған ережелерге сай өмір сүруіміз керек, - деді ҚР Ұлттық банк төрағасы.