ӨНЕРТАПҚЫШТАР ЖҰМЫСБАСТЫ АТА-АНАЛАРҒА ӘЛЕМДЕ ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ҚҰРЫЛҒЫ ҰСЫНБАҚ
Ата-аналар жырақтап кеткен бүлдіршіннің нақты қай аумақта жүргенін енді алақандағыдай көре алады. Ол үшін интернет, GPS, тіпті мобильді байланыс та керек емес. Қазақстандық өнертапқыштар жақында жұмысбасты ата-аналардың қолданысына әлемде теңдесі жоқ құрылғы ұсынбақ, деп жазады 24.kz.
ІТ саласының маманы Евгений Щербатов ата-аналар үшін мобильді трекер ойлап тапты. Ол арқылы балалардың қайда жүргенін қадағалап отыруға болады.
- Біз әлемдік нарықтан баланың қайда жүргенін оңай табуға көмектесетін, сөнбейтін, сынбайтын құрылғы іздедік, таппадық. Одан соң оны өзіміз жасаймыз деп шештік. Біз заманауи технологияларды пайдаландық. Ол электр энергияны бей-берекет жұмсамайды. Мәселен, бала сыныпта отырғанын сезсе, «Мангуст» қуатын үнемдейді, - дейді «Мангуст» жобасының авторы Евгений Щербатов.
Көп адамның қиялындағы құралды өмірге әкелу үшін 3 жылдай уақыт кетті. Идея авторлары ең алдымен оның беріктігіне ден қойған. Нәтижесінде интернет пен GPS-ке бағынбайтын, су кірмейтін және қуаты бір айға дейін жететін «Мангуст» пайда болды.
Мангуст халықаралық Тehnation байқауына қатысып, 345 өнертабыстың үздік жетілігіне енді.
Мамандардың айтуынша, бұл жоба бірнеше кезеңнен өтті. Алғашында 345-тен 80 жобаны, оның ішінен тағы 40 үздікті таңдадық. Ал қазір ең өткір сыннан өткен 7 өнертабыс авторлары АҚШ-та білімдерін шыңдап, жобаларын жетілдіріп жатыр. «Мангустың» авторлары үшін ең жоғарғы марапат – сәбилердің амандығы, ата-ананың разылығы. Өйткені қайғылы жағдайды өнертапқыштардың бірі өз басынан өткізген. Сондықтан таяу арада ол қолданысқа шығады.