МӘЖІЛІС МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ЗАҢ ЖОБАСЫН МАҚҰЛДАДЫ
ҚР Парламенті Мәжілісінің отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп жазады mzsr.gov.k.
Аталған Заң жобасы Мемлекет басшысы ағымдағы жылғы 20 ақпанда қол қойған «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Заңды іске асыру шеңберінде әзірленген.
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау жүйесін жетілдіру, оңалту саласындағы көрсетілетін қызметтердің тиімділігін арттыру, олардың қажеттіліктерінің ерекшелігін ескере отырып, еңбек етуге, физикалық қоршаған ортасына, оның ішінде көлікке, ақпарат пен байланысқа қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау мақсатында Заң жобасы арқылы 24 заңнамалық актіге, оның ішінде 3 кодекске түзетулер енгізіледі.
Заң жобасында төмендегі мәселелер қарастырылған:
1. Әлеуметтік, көлік инфрақұрылымының қолжетімділігін қамтамасыз ету:
- вокзалдар мен әуежайларда кедергісіз орта құру;
- теміржол құрамдарын мүгедектерге қолжетімді вагондармен жабдықтау;
- көлік қызметкерлерін мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына және оларға қызмет көрсетуге, оның ішінде ымдау тіліне үйрету;
- әуежайларда, теміржол вокзалдарында, әлеуметтік-мәдени объектілерде, сонымен қатар алаңдарда, даңғылдарда, көшелерде, орамдарда, өзге де көлік құралдарын қоюға тыйым салынған, мүгедектердің арнайы автокөліктерін қоюға арналған тегін тұрақ орындарын бөлу және т.б.
2. Әлеуметтік сала (денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қорғау) қызметтерін жетілдіру:
- мүгедектерге медициналық көмек пен медициналық оңалтудың қолжетімдігін қамтамасыз ету;
- медициналық-әлеуметтік сараптаманы жетілдіру;
- денсаулық сақтау субъектілерінің міндетіне профилактикалық жұмысты қосу;
- естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілінің маманы ұсынатын қызметті ұлғайту;
- инклюзивті білім беруді ескере отырып, білім беру стандарттарын әзірлеу;
- мүгедек балалардың инклюзивті білім алуын қамтамасыз ету;
- білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі оқу-тәрбие процесін мүгедектердің құқықтарына құрметпен қарай отырып жүзеге асыру және басқалар.
3. Ақпарат және тұрғын үйге қолжетімділік:
- мүгедектердің қажетті ақпаратқа қызмет көрсету орындарында, телерадиохабар таратуда қол жеткізуіне жағдай жасау;
- мемлекеттік қызметтерді қолжетімді түрде көрсету;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласының қызметкерлерін мүгедектермен қарым-қатынас дағдыларына оқыту;
- тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедектерге берілетін тұрғын үй пәтері екінші қабаттан жоғары болмауы тиіс екенін ескеру;
- тұруға жарамды басқа тұрғын үй берместен үшінші топ мүгедектерін қызметтік тұрғын үйден шығаруға болмайтын адамдардың тізбесіне қосу;
- мүгедек медициналық-әлеуметтік мекемеде уақытша тұрған кезде оның тұрғын үйге құқығын сақтау.
4. Құқықтық көмекті жетілдіру:
- ымдау тілінде, оның ішінде сотта өз пікірін білдіру және ақпарат алу;
- мүгедегі бар отбасында жалғыз ер баланы әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру;
- мүгедектерді жазасын өтеу мерзімінде оңалту құралдарымен қамтамасыз ету;
- мүгедек болатын жерде адвокаттың құқықтық кеңес жүргізуі және басқалар.
Заң жобасын қабылдау 600 мыңнан астам мүгедектің құқықтарын жақсартуға ықпал етеді.