153 ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІНЕ ОРАЙ МЕРЕЙТОЙ МЕДАЛЬДАРЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Қызылорда облысы ТЖД мәжіліс залында Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күніне орай салтанатты жиын болып өтті. Бұл туралы облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы хабарлады.
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетіне 20 жыл!» мерейтой медалімен азаматтық қорғау саласының ардагерлері, Қызылорда облысы ТЖД өңірлік бөлімшелері қызметкерлері марапатталды. Алдағы уақытта марапатталатын және бүгінгі күнге дейін марапатталған қызметкерлердің жалпы саны – 153-ті құрайды.
«1995 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік Төтенше жағдайлар Комитеті құрылған болатын. Осы Жарлықты негізге ала отырып, 19 қазан азаматтық қорғау қызметінің құрылған күні болып есептеліп келеді. Сіздердің қызметтеріңіз қиындығы көп қызмет, бірақ облыс тұрғындарына қажеттілігі зор. Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын, - деп атап өтті облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы полковник Омар Бержанов.
Оған қоса, қызметімен ерекше көзге түскен облыстық ТЖД қызметкерлері мақтау қағазымен және алғыс хатпен марапатталды.