МИЛАНДА ҮЗДІК ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТАУАРЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
«Семей ет комбинатының шұжықтары», «Джуси» шырыны және «Три желания» майонезі. Бұл «Халық маркасы»байқауында үздік танылып, Миландағы Қазақстанның көрмесінде таныстырылған отандық тауарлар. Ғаламтор арқылы бір ай көлемінде дауыс беріп, сүйікті тауарларын халық өзі таңдаған еді. Нәтижесінде 27 өнімнің мәртебесі артып, жұлдызы жанды.
30 күнге созылған күрделі таңдау аяқталды. Сапасы мен дәмі жөнінен отандастарының көңілінен шыққан тауарлар бүгін Милан сахнасында лайықты бағасын алды. «Жаңа-Әлжан» комбинаты байқаудың арнайы сыйын иемденді. Бұл экстракласстағы ұн шығаратын Қазақстандағы жалғыз кәсірорын.
- Біз «Гранум» сауда маркасындағы ұнды өндіреміз, жақында сағатына 1000 тонна макарон шығаратын цехті іске қостық. Өнімділігіміз өте жоғары, әрдайым дамытып, экспорт пен ішкі нарықты кеңейтіп отырамыз,- деді «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС коммерциялық директоры Қайсар Ұрдашев.
Бидайдың қатты сұрыптарынан жасалатын «Цесна» макарондары итальян өнімідерімен бәсекелесе алады. «Ассам» шайы ұлттық брендке айналды. Ал «Алматы өнімі» өз карамелін Ресей, Монғолия, Қытай және Араб эмираттарында сатып жүр. Сондықтан «Қазақстанда жасалған» белгісі Еуропа сөрелерінен табылатын күн алыс емес, - дейді сарапшылар.
- Сіздерде өзге елдерде мүлде шығарылмайтын тауарлар бар. Ол уылдырық, еттің түрлері. Қазақстанның бидайы әлемде ең үздік. Енді тек екі үлкен нарық кемесі арасында көпір жалғау керек. Байқауда 100-ге тарта отандық өнім бақ сынады. Тұтынушылардың берген дауыстары миллионнан асып жығылады. Нәтижесінде тек 27 тауар ғана «Халық маркасы» атанды. Енді оларды халықаралық азық-түлікке арналған EXPOкөрмесінің қонақтары да танитын болды, - деді италияндық-қазақстандық сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Паоло Гирелли.
- Президент: «Біз аграрлы елміз, өзімізді ғана емес, бүкіл әлемді тойдыратын әлеуетіміз бар» деп үнемі айтады. Сол үшін де тани берсін, үйрене берсін деп біз сайыс жеңімпаздарының өнімдерін осы павильонға қойып отырмыз. Байқауда озып шыққандар «Халық маркасы» белгісін өз өнімдерінің қаптамаларына жапсыру мүмкіндігін иеленді. Әрі 2017 жылы Астанада өтетін EXPO-ға да жолдама жеңіп алды, - деді «Халық маркасы» жобасының авторы Римма Тәжібаева.