СИНОПТИКТЕР ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА ҚАР ЖАУАДЫ ДЕП БОЛЖАП ОТЫР
Қазақстан аумағының басым бөлігінде қар жауып, жел күшейеді, тұман түсіп, көктайғақ болады. Тек еліміздің батысында күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Ақмола облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, оның екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады. Солтүстік Қазақстан облысында түнде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, желдің жылдамдығы 23 м/с-қа дейін жетуі мүмкін, кей жерлерде боран соғып, көктайғақ болады. Павлодар облысында да жел соғады – 15-20, екпіні - 25 м/с. Жамбыл облысында тұман түсіп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, екпіні – 23 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші - 15-20, түнде оның екпіні 23 м/с-қа жетеді. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жел күшейеді – 15-23 м/с. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қостанай, түнде Ақтөбе облысында кей жерлерде жел тұрады –15-22 м/с, боран соғады. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжануда.