ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУДЫҢ КӨЛЕМІН АЗАЙТУ ҮШІН БӨЛШЕК САУДА САЛЫҒЫ ЕНГІЗІЛУІ МҮМКІН
Қолма-қол ақшамен есеп айырысудың көлемін азайту үшін елімізде бөлшек сауда салығы енгізілуі мүмкін. «Нұр Отан» партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында бөлшек салық енгізу жобасы талқыланды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
Отырыста кеңес мүшесі Олжас Құдайбергенов қосылған құн салығы мен корпоративті табыс салығының орнына бөлшек сауда салығын енгізуді ұсынды.
«Яғни, егер табыс қолма-қол ақша тәсілімен алынса, салық мөлшерлемесі 12%, қолма-қол ақшасыз алынса, мөлшерлеме 7%, ал табыс онлайн дүкендер арқылы алынса, 5% ды құрайды», - деді О.Құдайбергенов.
Ұсынылып отырған салық режимі жеке тұлғаларға, бөлшек саудамен айналысатын кәсіпорындарға, қоғамдық тамақтану мен қызмет көрсету саласына қатысты болады.
О.Құдайбергеновтың пікірінше, бөлшек сауда салығын енгізу елдегі қолма-қол ақша көлемінің ауқымын азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұрғындардың қаржысын банк секторына қосымша тартып, көлеңкелі бизнес мөлшерін айтарлықтай қысқартады деп көзделген. Бұл өз кезегінде бюджеттегі салықтық түсімге жақсы әсерін тигізбек.
Айта кетейік, «Нұр Отан» партиясы жанындағы кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес 2015 жылдың тамызында құрылды. Кеңес отандық бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша тұжырымдамалық ұсыныстарды пысықтау, нақты тәжірибелік шешімдерді әзірлеудегі сұхбаттасу алаңына айналды.