Г.ӘБДІҚАЛЫҚОВА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ҚХА КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫН ӨТКІЗДІ
Мемлекеттік хатшы Г. Әбдіқалықованың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Кеңес жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі - Е.Тоғжанов, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі - А.Башмаков, сонымен қатар этно-мәдени бірлестіктердің және қоғам өкілдері қатысты.
Өзінің кіріспе сөзінде Гүлшара Әбдіқалықова Ассамблея жылы бойынша белгіленген міндеттерді іске асыру, Ұлт жоспарын, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, «Ұлы Дала Елі» елдік брендін ілгерілету бойынша Солтүстік Қазақстан облысының Ассамблеясы республикада лайықты орында екенін атап өтті, деп хабарлайды ҚР Президенті жанындағы ОКҚ баспасөз қызметінен.
Кеңестің кеңейтілген отырысына қатысушылар Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Бес институцияналдық реформасын, этносаралық қарым-қатынас саласында мемлекеттік саясатты, қазақстандық біртектілік пен бірлікті күшейту және дамыту жөніндегі кешенді жұмысты іске асыру, жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мәселелерін талқылады. «Қазақстан халқы Ассамблеясының - 20 игі ісі» акциясы барысында облыста 260-тан астам іс-шаралар жүргізілді, 9 мыңға жуық адам 28 млн. теңгеден артық сомада көмек алды.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Серпін-2050» бағдарламасының қатысушыларымен кездесті. Кездесу барысында Г.Н.Әбдіқалықоваға бағдарламаны іске асыру барысы туралы мағлұмат ұсынылып, студенттердің бейімделу мен шығармашылық әлеуетін дамыту мәселесі талқыланды. «Серпін -2050» бағдарламасы аясында облыста 600-ден астам студент, оның ішінде Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарынан келген жастар білім алады.
Қазақ хандығының 550 жылдығы іс-шарасы аясында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықоваға мұражай қоры және ұлы Абылайханның өмірі туралы экспозициялық көрме ұсынылды.
Жұмыс сапары аясында Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова «Жезқазған-Петропавл» автомобиль жолының учаскесін қайта жөндеу және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 320 орындық балабақша құрылысының барысымен танысты. Мемлекеттік хатшы, сондай-ақ мұз айдыны және жеңіл атлетикалық манежі бар спорт сарайының салтанатты ашылуына қатысты.
Сапар соңында Гүлшара Әбдіқалықова әйелдер қауымының өкілдері: мәслихат депутаттарымен, мемлекеттік органдардың басшыларымен, бизнес қауымдастығының және ҮЕҰ өкілдерімен кездесті. Кездесуде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруда әйелдердің қатысуын белсендіру, әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, рухани-отбасылық құндылықтарды нығайту, отбасылық-демографиялық сасясатты іске асыру мәселелері қаралды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Г.Н.Әбдіқалықова мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.