ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ ВАКЦИНАЦИЯМЕН ҚР-ДА ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ 92% АСТАМЫ ҚАМТЫЛҒАН
Қазақстанда қызылшаға қарсы иммундауға жататын 92%-ден астам жасөспірім вакциналанды, деп хабарлайды primeminister.kz ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясының аясында мақсатты топтың жалпы саны 316 мың 704 жасөспірімнен 15-19 жас аралығындағы 292 мың 113 адам немесе 92,1% жасөспірім вакцинацияланды.
«Қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы 11 аймақта өз жұмысын аяқтады. Оның ішінде Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 100%, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалаларында 95%-дан астам адам қамтылды», - делінген хабарламада.
ДСӘДМ-де атап өткендей, иммундау шараларын жүзеге асыру барысында жағымсыз жағдайлар тіркелген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда ағымдағы жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жас аралығындағы жасөспірімдерді қызылшаға қарсы қосымша иммундау кампаниясы өткізілуде.