ЕЛБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖӨНІНДЕ БАҚ ӨКІЛДЕРІ ҮШІН БРИФИНГ ӨТКІЗДІ
Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның барлық өңірлері сияқты Қызылорда облысы да өсіп-өркендеп жатқанына тоқталды, деп хабарлайды Ақорда.
Өңірде мемлекеттік бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда. Индустрияландыру аясында облыста бүкіл Қазақстанды өніммен қамтамасыз ететін әйнек зауыты салынатын болады. Қызылорда облысының аумағымен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автокөлік жолы, сондай-ақ еліміздің негізгі теміржол желісі өтеді. Қаланың ажары көркейіп, саябақтары көбейді, Сырдың сол жағалауына шығатын көпір құрылысы жүргізілуде. Тұрғын үйлер, балабақша, мектеп, аурухана және жолдар салынуда. Мемлекет халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін барлық жағдайды жасап жатыр, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Мемлекет басшысы елдің әл-ауқатының артуы, өңірдің гүлденуі тікелей еңбекпен байланысты екенін айтты. Осы орайда, тұзды жерде орман өсіріп жатқан азаматтардың еңбегі елеулі екенін де атап өтті.
Елбасы сондай-ақ биыл күрішті рекордтық көлемде жинаған диқандарды да құттықтады.
Күріш Қызылорданың ең негізгі дақылы болып саналады. Биыл әр гектарынан 50 центнерден артық күріш алынды. Кеңес одағы кезінде бұндай болған емес, – деп атап өтті Мемлекет басшысы.