МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМДІГІ ЖАНЫНДАҒЫ АХУАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСТЫ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облыстық әкімдігі жанындағы Ахуалдық орталық қызметінің ерекшеліктерімен танысты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Орталық қызметі 2014 жылдың маусым айынан бастап жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты - Қызылорда облысы әкімдігі қызметінің тиімділігін заманауи ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы арттыру. Атап айтқанда, Ахуалдық орталық макроэкономикалық көрсеткіштерді болжамдау, әлеуметтік-экономикалық даму барысын мониторингтеу, талдау және болжау, қауіпсіздікті бағалау және экономика, қаржы, демография, өнеркәсіп, ақпарат және басқа да салалардағы тәуекелдерді басқару, қоғамдық-саяси ахуалды талдау жұмыстарымен айналысады. Сондай-ақ бұл орталық шешімдерді орындаушыға жеткізіп, оның орындалу барысын да қадағалайды.
Ахуалдық орталықта арнайы әзірленген бағдарлама бойынша оқыған техникалық мамандар мен сарапшылардан құралған 21 адам жұмыс істейді.