ЕЛБАСЫ ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕМ ШЫҒАРУ ЗАУЫТЫНДА БОЛДЫ
Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапары барысында Қызылордада тәулігіне 80 тонна құрама жем өндіретін және 150 тонна күріш салысын өңдейтін күріш ақтау зауыты жұмысымен танысты. Өндіріс орнына аялдаған Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту, жаңа технологияларды енгізу мәселелерін сөз етті.
"Ауыл шаруашылығы дағдарыс кезінде де экономиканың локомотиві болып қала береді", - деді Елбасы.
Зауытта 250-ге жуық адам жұмыс жасайды. Кәсіпорында шикізат және дайын өнімдер сақтайтын қоймалар, автотаразы мен зертхана, қалталау цехы, ұн тарту диірмені мен макарон шығару өндірістері бар. Аталған өндірістерден шығатын дәнді дақыл қалдықтарын құрама жем шығаруға пайдаланады.
Жыл сайын облыс көлемінде мал басының көбеюі өз кезегінде құрама жем зауытының қажеттілігін арттыруда. Кәсіпорын басшысы Бақдәулет Мақашев бұл жұмыстардың әрі қарай жалғасатынын айта келе, келешекте ұн шығару зауытын және макарон фабрикасын іске қосуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Қазіргі таңда олардың барлық ғимараттары салынулы тұр.
Жоба құны - 375,9 млн. теңге. Зауыт мемлекеттік және жеке әріптестік негізде жұмыс жасап отыр. "Байқоңыр" ӘКК" АҚ-ның үлесі - 49%, яғни 137 миллион теңге болса, қалғаны "Жан Арай Жем" ЖШС-ның өз үлесіне тиеді. Өндіріс ошағына "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасы арқылы инфрақұрылым тегін жеткізіліп берілген.
Кәсіпорынға қажетті шикізатты - күрішті, бидайды, жүгеріні және күнбағысты жергілікті шаруашылықтар өсіреді. Дәлірек айтсақ, "Жан Арай Жем" зауыты қазір облыстағы бірқатар шаруа қожалықтарымен бірге жұмыс жасауда. Олардың арасында Жаңақорған ауданындағы "Түгіскен ТШ" ЖШС, Сырдария ауданындағы "Қызылдихан" шаруа қожалығы, Қармақшы ауданындағы "Достық Жер МК" ЖШС бар. Зауыт тәулігіне - 80, жылына 30 000 тонна құрама жем өндіруге қауқарлы. Жем зауытының өнімі сапалы, техникалары тың. Айта кетейік, кәсіпорын құрама жемді неміс технологиясы бойынша өндіреді. Яғни, зауыттың қондырғылары дәнді дақылдар өңдейтін жабдықтар шығаруда әлемдегі алдыңғы қатарлы германиялық "Петкус" компаниясында дайындалған. Ал құнары жоғары мал азығының бір келісі 50 теңгеге бағаланып отыр.
Бүгінде аймақ шаруалары жылына 60 мың тонна мал азығын тұтынады. Жаңа құрама жем зауыты сол сұраныстың жартысын өтемек. Бұған қоса, жыл сайын облыс көлемінде мал басы көбейіп келеді. Оның үстіне, қазіргі таңда облыстың ауыл шаруашылығы саласында құрама жем өндіретін бірде-бір кәсіпорын жоқ екенін ескерсек, зауыт өнімдеріне сұраныс артпаса, кемімейтіні анық. Жем шығаруға қажетті шикізаттар қатарында күріш, бидай, жүгері, мақсыр, күнбағыс дақылдары бар. Зауыт өнімі аймақта тек қана мал шаруашылығы емес, сонымен қатар құс, балық өсіретін шаруашылықтардың дамуына да ықпал етеді. Сондай-ақ агрокешен аумағында күріш өңдеу зауыты да іске қосылып, жұмыс істеуде. Ол тәулігіне 150 тонна күріш шығарады.
Айта кетейік, Қызылорда облысы үш жыл қатарынан күріштен рекордтық өнім алды. Соңғы жылдары облысымыздың ауыл шаруашылығы саласы жақсы дамып келеді. Сыр елінің басты дақылы күріш өндірісінің көлемі 11,6% өсіп отыр. Мал шаруашылығы бойынша ірі қара, жылқы және түйе басының саны ең берекелі 90-шы жылғы деңгейден асып түсті. Ал агроөнеркәсіп кешеніне салынған инвестиция көлемі 7,7 есеге өсті.
Аймақта егін шаруашылығымен бірге мал, балық шаруашылығын дамыту барысында да табыстар көп. Бұл салаларды әрі қарай дамыту мақсатында Жаңақорған ауданында бірінші рет малшылар слеті және Арал ауданында бірінші рет балықшылар слеті өтті. Айта кетейік, биыл облыста қуаты жылына 7 мың тонна қой етін өңдейтін ет комбинатын және ірі мал бордақылау алаңдарын салу жұмыстары қолға алынды.