ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНДА КАДРЛЫҚ ӨЗГЕРІС
Өңірлік кеңес мүшелерінің келісімімен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бұйрығымен Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы болып Мырзалиев Дархан Жарылқағанұлы тағайындалды, деп хабарлады облыстық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.
Дархан Мырзалиев 1976 жылы 20 қазанда Қызылорда облысы Қазалы ауданында туған. Талдықорған заң институтын «заңгер» (1998 ж.), Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-ін «мемлекеттік және жергілікті басқару» (2007 ж.) мамандығы бойынша бітірген. Әр түрлі жылдары Әділет басқармасында жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, ҚР Табиғи монополияларды реттеу Агенттігінің бас сарапшысы, бөлім басшысы, басқарма бастығы қызметтерін атқарған. 2013 жылдың қараша айынан Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының құқық саласы бойынша орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.