ҚАЗАҚСТАНДА ҚҰТҚАРУШЫЛАР КҮНІ АТАЛЫП ӨТУДЕ
Бүгін, 19 қазанда қазақстандықтар құтқарушылар күнін атап өтпек. Осыдан 20 жыл бұрын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 19 қазанда Мемлекеттік төтенше жағдайлар комитеті құрылды. 2004 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар өкілетті орган мәртебесін алды. Өткен жылдарда, төтенше жағдайлар жүйесі үлкен жолдардан өтті, Республикада ұлттық қауіпсіздік маңызды құрылымдық жүйеге айналды, деп хабарлайды BNews.kz.
2015 жылғы 19 қазанда Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғау қызметіне 20 жыл толуын мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті мерекелік іс-шаралар өткізеді.
Атап айтқанда, бүгін сағат 15.30-да Астана қаласында Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының алдында заманауи құтқару техникалары қойылатын болады.
Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының концерт залында ҚР ІІМ ТЖ комитетінің ардагерлері мен қызметкерлеріне наградалар салтанатты түрде табыс етіледі және мерекелік концерт өтеді.
Осы орайда атап өтерлігі, Қазақстан ең алғашқылардың бірі болып төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі Азия орталығының және орталық Азия елдерінен Халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымының мүшелігіне өтті. 1997-2000 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар жөніндегі агенттіктің 10 қызметкері аталмыш ұйымның медальдеріне ие болды. Олар қызметкерлер – құтқарушылар, өрт сөндірушілер, сүңгуірлер, азаматтық қорғаныс әскері бөлімінің сарбаздары.
Қазақстан Республикасы «Азаматтық қорғау» заңы бойынша іс-шараларды жүргізу процесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді әрі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарларының алдын алуға және оларды жоюға, төтенше жағдай аймағындағы халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсетуге, өрт қауіпсіздігі мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы азаматтық қорғанысының негізгі міндеттерін, құрылуы мен жұмыс iстеуінің ұйымдастырушылық қағидаттарын, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруды, сақтауды және пайдалануды, авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарының ұйымдастырылуы мен қызметін айқындайды.
Ведомство құрылғалы бері төтенше жағдайлардың алдын алу мен салдарын жою саласында түрлі елдер және халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасты дамыту үшін тығыз құқықтық база қалыптасты, сондай-ақ осы мақсатта 24 халықаралық келісім жасалды.