ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛА ӨЛІМІНІҢ КӨРСЕТКІШІ ТӨМЕНДЕГЕН
Қызылорда облысында соңғы жылы бала өлімінің көрсеткіші 5 пайызға азайып отыр, деп хабарлады Хабар арнасы. Дәрігерлердің мұндай көрсеткішке қол жеткізуіне "Неонаталды хирургияны дамыту жол картасы" бағдарламасы септігін тигізуде. Бүгінде облыстық перинаталдық орталықта балалар неонатологиясы бөлімшесі ашылған.
Ай-күніне жетпей туылған балалар немесе шала туылған балалар кез-келген елде, қоғамда кездесіп отырады. Оларға күтімнің де ерекше болатыны сөзсіз. Өйткені, мұндай сәбилер әлсіз, тіпті, өздігімен еме де алмайды. Ал, осы шала тауған нәрестелерге көмек көрсететін жансақтау және интенсивті терапия бөлімшесінің ашылғанына бір жыл. Бір жылдың ішінде мұнда 500-ден аса сәбидің жетіліп кетуіне көмек көрсетілген. Қазір орталықта 18 пациент ем қабылдап жатыр. Олардың бесеуінің жағдайы ауырлау, салмақтары небәрі 500 грамның шамасы дейді дәрігерлер.
Орталықта кадр тапшылығы мәселесі де шешімін тапқан. Мұндағы мамандарды негізінен заманауи қондырғылар алмастырып отыр. Жоғары технологияның көмегімен дәрігерлер шала туылған балаларды емдеуде. Жалпы, өңірде соңғы бір жылда бала өлімінің көрсеткіші 5 пайызға төмендеген. Дегенмен, бұл көрсеткіштік санын алдағы уақытта тағы да өсіреміз дейді мамандар.