СЫР ӨҢІРІНДЕ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ҰЛЫҚТАЛУДА
Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының IV фестивалінің салтанатты ашылу шарасы өтті.
Ұлы даланың ұлылығын айшықтайтын шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитеті төрағасының орынбасары Әбіл Донбай және ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан қатысты.
Төрт жылда бір мәрте ұйымдастырылатын фестиваль спорттың 13 түрі бойынша өтеді. Атап айтсақ, аламан бәйге, бәйге, құнан бәйге, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, қазақ күресі, құсбегілік, жамбы ату, жекпе-жек. Сондай-ақ, «Сәнді киіз үйлер» байқауы мен «Керемет сәйгүлік» сұлу аттар байқауы да ұйымдастырылады.
- Ұлттық спорт - өткенімізбен бүгінімізді байланыстырып, келешекке жетелейтін баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз. Сондықтан зерттеп, зерделеп жас ұрпаққа үйрету парызымыз. Бұл бағытта облысымызда жаңадан ипподром салынып, ұлттық спорт түрлері жандандырылуда. Бүгінгі бәсі жоғары бәсекеде шын мықтылардың жеңіске жетуіне тілектеспін, - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.
- Қашаннан ұлтымыздың қаймағы бұзылмағанын халық екендігін осындай фестивальден білеміз. Еліміздің қай жерінде болмасын ұлттық спорт түрлерінен өтетін бәсекелерде Сыр спортшылары белсенді қатысуда. Бұл өңірдің қанымызда бар қасиетті ұлықтағаны. Ұлы даланы ата-бабамыз атпен бағындырғанын жақсы білесіздер. Сондықтан атқа қонған спортшыларға сәттілік тілеймін, - деді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан.
Елімізде 265 мыңнан астам адам ұлттық спорт түрлерімен айналысатын болса, Сыр еліндегі фестивальге барлық аймақтан 2 мыңға жуық спортшы қатысуда.
Салтанатты шара барысында фестивальдің жалауын жамбы атудан ел чемпионы Жарқынбек Алмағамбетов ортаға әкеліп, оны 15 дүркін түйе палуан Абылай Жолдыбаев жоғарыға көтерді. Ал жарыстың алауын эстафетамен Ислам Салимов, Рүстем Сыбай, Хакімжан Елеусіндер алып өтіп, Қазақстанның тұңғыш барысы Ұлан Рысқұлға табыстады. Ол көптің қошеметімен алауды тұтандырды. Осылайша фестивал салтанатты түрде ашылды. Айта кетейік, бәсеке 20 қазанға дейін созылады.