10 КҮНДЕ ТАБИҒАТ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНДАРҒА 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ ЖУЫҚ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ
2015 жылдың қазан айының 05-25 күндері аралығында облыс көлемінде «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараға барлығы 34 мобильдік топ құрылып, 324 күш-құралдар жұмылдырылды. Шараның 10 күнінде облыс бойынша барлығы 120 экологиялық заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде, заңсыз ағаштар мен бұталарды кесудің – 7, заңсыз аң аулаудың – 49, заңсыз балық аулаудың – 32, азаматтық қаруды тасымалдау, сақтау ережесін бұзудың – 32 дерегі тіркелді. Анықталған 110 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі бойынша 733 мың 880 теңге көлемінде айыппұлдар салынды, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД баспасөз қызметінен.
Заңсыз аң, балық аулаумен және заңсыз бұталар мен ағаштарды кесумен ұсталған 14 автокөлік тәркіленіп, айып алаңдарына жеткізілді. Аталған мерзімде барлығы 11 қылмыстық іс қозғалып, 1 қылмыстық іс сотқа жолданып, қалған 10-ы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 13 қазанында Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Өркендеу ауылының тұсында 1952 ж.т. азаматтың басқаруындағы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, автокөліктің жүк салғышынан заңсыз отын бұталары анықталды. Аталған дерек бойынша Қазалы аудандық ішкі істер бөлімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 340-бабы, 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Бұған қоса, Қызылорда ОІІД ӘПБ табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері мен облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы мамандарымен бірлесе ұйымдастырылған рейдтік іс-шаралар барысында 8 қазан күні Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Жетікөл ауылынан 20 шақырым жерде Қызылорда қаласының 1956 ж.т. тұрғынының басқаруындағы «Нива» маркалы автокөлігін тоқтатып тексеру барысында, автокөліктің салонынан ІІО-да тіркеуде жоқ, 2 ұңғылы, 16 калибрлі аңшы мылтығы, 12 дана қоян, 2 дана қырғауыл, 1 дана прожектор және 1 дана пышақ алынып, Сырдария аудандық ішкі істер бөліміне өткізілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 337-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Сонымен қатар, 10.10.2015 жылы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Мақпалкөл ауылының тұрғыны өз ауылының тұсында «Үштұп» деген жерде рұқсатсыз, заңсыз аң аулап жүрген жерінен ұсталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы, 1-бөлігімен (заңсыз аңшылық) әкімшілік хаттама толтырып, заңды түрде шара көрілді.