ШЕТЕЛДІК ҒАЛЫМНЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ДӘРІСІ
Түркияның Анкара қаласындағы Гази университеті әдебиет факультетінің профессоры, доктор Хулия Касапоғлу Ченгел Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті қазақ тілі мен әдебиеті және журналистика кафедрасының магистранттары мен докторанттарына «Түрік халықтары әдеби тілінің тарихы» пәнінен дәріс жүргізуде. Бұл туралы университеттің баспасөз қызметінен хабарлады.
Профессор Хулия Касапоғлу Ченгел бүгін университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Алдабергенұлы Бисеновпен кездесіп, Түркия мемлекетіндегі оқу үрдісі, Гази университеті, Түркиядағы қазақ тілінің оқытылуы туралы баяндады. Сонымен бірге, кездесуде екі оқу орны арасындағы әріптестік байланысты одан әрі нығайту, жоғары білікті маман даярлау және ғылыми-зерттеу жобаларын бірлесе жүзеге асыру төңірегінде сөз қозғалды.
Гази университетінің Іргетасы 1926 жылы қаланған. Қазіргі таңда университет Түркияның алдыңғы ең ірі оқу орындарының бірі, әлемнің ең үлкен 500 университетінің қатарында. Профессор Хулия Касапоғлу Ченгел дәрісте түркі тілдес халықтардың ортақ тіл тарихы, байырғы түрік тілі мен әдебиеті туралы түрлі ғылыми зерттеулерімен бөлісіп, кафедраның оқытушы-профессорларымен өзара тәжірибе алмаспақ. 2 аптаға созылатын дәріс қазақ тілінде жүргізіледі.