ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП ТРАНСФОРМАЦИЯЛАУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСТЫ
«Қазатомөнеркәсіп»ҰАК» АҚ трансформациялау тобы дайындық кезеңінің аяқталғанын және іс жүзінде диагностика мен дизайнға көшкені туралы хабарлады. Бүгін компанияны транформациялауға бастау берілді. Бұл туралы ұлттық атом компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да трансформациялауға бастау беру бұл Қор компаниялар тобының даму кезеңінің маңызды бөлігі. Біз Қазатомпромдағы бұл процесті уақытында және дұрыс іске қосу үшін көп күш жұмсадық. Сонымен қатар, біз «Қазатомөнеркәсіп»ҰАК»АҚ трансформациялау бағдарламасының ұзақмерзімді мақсаттары мен бастамаларын анықтадық, ол Директорлар кеңесі бекіткен компанияның жаңа стратегиясында көрініс тапты», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев.
Атап айтқанда, жаңа стратегияда 2025 жылға дейін Қазатомөнеркәсіп компаниясының өзіндік құнын үш есе көтеру сынды негізгі даму міндеттері қойылған.
«Мұндай мақсатқа бір-екі жылда қол жеткізу мүмкін емес екені түсінікті. Трансформациялау – ол ұзақмерзімді процесс, оның тиімділігін 2018 жылдан бастап көре бастаймыз деп жоспарлаудамыз», - деп баса айтты Ө.Шүкеев.
«Самұрық-Қазына» басшысы түсіндіргендей, трансформациялау бұл өте терең процесс. «Ол бірнеше жылға созылады және бұл қызметтің тиімділігін арттыру, біртұтас ақпараттық кеңістік пен біріктірілген басқару жүйесін құру және сондай-ақ үнемі жетілдіріліп отырылатын корпоративтік мәдениетті құру мақсатында қалыптасқан және іске асырылатын жобалардың жинағы», - деп түйді ол.
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран, сирек металдар, атом электр станциялары үшін ядролық отын, арнайы жабдықтар, технологиялар және екіұдай мақсаттағы материалдардың импорты-экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы болып табылады.