БАЙҚОҢЫРДАН ТҮРІК ЖЕРСЕРІГІМЕН «ПРОТОН-М» ЗЫМЫРАНЫ ҰШЫРЫЛАДЫ
Байқоңыр ғарыш айлағынан «Бриз-М» блогі мен Turksat 4B ғарыш аппараты артылған «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып қалды, деп хабарлайды ТАСС зымыран мен жүрдек блокты құрастырып шыққан Хруничев атындағы орталыққа сілтеме жасап.
«Turksat 4В ғарыш аппаратын 16 қазанда Мәскеу уақыты бойынша 23:40-та ұшыру жоспарланған», - деп мәлім етті Орталық өкілі.
Ұшу бағдарламасына сәйкес, зымыран тасығыш арқылы ғарышқа шығу уақыты 10 минутқа жетер-жетпес. Жердегі қондырғысынан ұшырылғаннан кейін 120 секундтан соң зымыран тасығыштан бірінші бөлігі, 327 секундта – екінші бөлігі, тағы 20 секундтан соң атмосфераның қалың қабатынан ұшу кезінде жерсерікті жауып тұратын негізгі бөлігі ажыратылады. Ұшудың 582-ші секундында ғарыш аппараты мен «жүрдек» блогтан тұратын басты бөліктен «Протон» зымыранының үшінші бөлігі ажырайды. Осы сәтте бас блок ұшудың суборбиталық траекториясына шығады. Одан кейінгі мақсатты орбитаға шығу міндеті «Бриз-М»-нің бес қосу қозғалтқышты қондырғысының көмегімен жүзеге асады. Зымыранның жерден ұшып, жүрдек блоктан ғарыш аппаратының ажыратылуына дейінгі жалпы уақыт 9 сағат 13 минутқа созылады.
Хруничев атындағы орталық сайтында хабарланғандай, Turksat 4B ғарыш аппараты телекоммуникациялық қызмет ұсыну мақсатында ғана пайдаланылады және ешқандай әскери астары жоқ.
Жерсерікті Turksat Satellite Communication, Cable TV and Operation A.S. (Түркия) спутниктік операторының тапсырысымен Mitsubishi Electric - МЕLCO (Жапония) компаниясы жасап шығарған. Ол түріктің спутниктік байланыс және хабар таратушы операторының ғарышқа шыққан төртінші аппараты болмақ. Қазіргі уақытта геостанциялық орбитада үш спутник қызмет көрсетуде, олар – Turksat 2A, Turksat 3A және Turksat 4A. Жаңа аппарат Түркия, Еуропа, Орталық Азия мен Таяу Шығыс елдерінде хабар тарату және кеңжолақты байланыс қызметтерін ұсынуды қамтамасыз етеді.
Осылайша «Протон» зымыран тасығышы ағымдағы жылы алтыншы рет және өзінің жалпы ұшу тарихында 407-ші рет ғарышқа жол тартқалы отыр. Бұған дейін «Экспресс-АМ8» Ресей спутнигі артылған «Протон» ғарышқа осы жылдың 14 қыркүйегінде ұшырылған болатын.
«Протона-М»-нің келесі ұшырылуы болжам бойынша 20 желтоқсанға белгіленген. Оның аясында «Космическая связь» мемлекеттік кәсіпорнының тапсырысымен «Экспресс-АМУ1» жерсерігі орбитаға шығарылады.
Осы орайда атап өтерлігі, осы жылдың 2 қыркүйегінде Қазақстанның ғарыш саласында айтулы оқиға орын алды. Байқоңыр ғарыш айлағынан экспедиция құрамында жерлесіміз Айдын Айымбетов бар «Союз ТМА-18М» кемесі ғарышқа ұшырылды. Ғарыштағы міндетін сәтті атқарып Жерге қайта оралған Қазақстанның үшінші ғарышкері қазірде ХҒС-дағы Қазақстанның ғылыми бағдарламасына етене араласып кетті.
Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы ғарышкері Айдын Айымбетов пен оның экспедициялас әріптестерін Астана әуежайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жеке қарсы алды.
Жақында Елбасының Жарлығымен Айдын Айымбетовке «Халық қаһарманы» мен «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» құрметті атағы берілді. Сондай-ақ жерлестері оған «Талдықорғанның құрметті азаматы» атағын ұсынды.
Айдын Айымбетов аталмыш экспедициясын Қазақ хандығының 550 жылдығына, ҚР Конституциясының 20 жылдығына және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арнады.