«БОЛАШАҚ» СТИПЕНДИЯСЫН АЛУҒА ТАЛАПТАРДЫ КҮШЕЙТУДІ 2016 ЖЫЛДЫҢ ҚАҢТАРЫНАН БАСТАП ЕНГІЗУ КҮТІЛУДЕ
2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап үміткерлерге талаптарды күшейту тұрғысынан «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау ережелеріне өзгертулер енгізіледі, деп мәлімдеді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Ғани Нығыметов ОКҚ брифингі барысында, деп жазады primeminister.kz.
«Болашақ» бағдарламасы сапаға баса назар аударады, соңғы екі жылда біз бұл мәселені белсенді қозғап келеміз. Қатысу талаптары артады, келесі жылдан бастап ағылшын тілі бойынша тілдік талаптар IELTS 5.0 дейін көтеріледі, бұл квоталық санаттарға қатысты. Дипломның орташа балына бірыңғай талаптар белгіленеді, енді GPA 4-тен 3.0 болуы тиіс», - деп мәлімдеді Ғ.Нығыметов.
Ол өтіл бойынша талаптар белгіленетінін, барлық санаттарға екі жыл өтіл талап етілетінін түсіндірді. Бұдан өзге, Ұлт жоспары жобалары үшін мақсатты машықтану бағдарламалары белсенді жүзеге асырылады, нақты айтқанда, ол Астанадағы жаңа халықаралық қаржы орталығына қаржыгерлер мен заңгерлерді даярлау, халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлерін оқыту және «Ұлттық чемпиондар» жобасы аясында қазақстандық кәсіпорындарға арнап инженерлік-техникалық мамандарды даярлау.
Бұдан өзге, Ғ.Нығыметовтың айтуынша, келесі жылдан бастап МВА бағдарламасы жүзеге асырылады, яғни мемлекет әлемнің 10 жетекші бизнес-мектептеріне өз бетімен түскен Қазақстан азаматтарына 10 стипендия бөледі.
Орталық басшысы 2017 жылдан бастап «Executive education» бағдарламасын жүзеге асыру күтілетінін айтты, яғни бұл жоғарғы басқару буынына арналған әлемнің 10 бизнес мектебінде қысқа мерзімді курстардан өту бағдарламасы.
Келесі жылдың басынан бастап мемлекеттік индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына таңдалған 10 тірек ЖОО үшін биылғы жылы іске қосылған Split-PHD бағдарламасы белсенді жұмыс жасай бастайды.