БЖЗҚ ХЗӘҚҚ-ға КІРДІ
Қазақстан Респбуликасының «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығына (ХЗӘҚҚ) толыққанды мүше ретінде қабылданды.
Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының жалпы жиналысының отырысына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы Руслан Ерденаев, ҚР «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ вице-президенті Арын Нигматулин мырза, ҚР Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығының бас директоры Биржан Жунусов, сондай-ақ Орта Азия мен ТМД елдерінің әлеуметтік қамсыздандыру органдарының өкілдері қатысты. Жиналғандар алдында сөз сөйлеген Руслан Ерденаев Қазақстанның зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер, еліміздің зейнетақы жүйесінің дамуы мен өрістеуі, БЖЗҚ-ның құрылуы, зейнетақы активтерін біріктіру және бүгінгі таңдағы Қор қызметі туралы баяндап берді.
Жалпы дауыс беру нәтижесінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ны Бірлестіктің толыққанды мүшесі ретінде қабылдау туралы шешім бір ауыздан қабылданды.
Қазақстан үшін ХЗӘҚҚ-ға БЖЗҚ мүшелігі – бір жағынан республиканың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қарқынды дамуын мойындау, екінші жағынан халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу, зейнетақы және әлеуметтік қорлардың, Қауымдастыққа мүше елдерде және басқа елдерде әлеуметтік қорғаумен не өзара көмек бағдарламаларымен айналысатын басқа ұйымдар мен мекемелердің қызметін үйлестіру мүмкіндігі.
Қауымдастық мүшелерінің қызметі әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша ақпаратты жинақтау мен таратуға, заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жинақтарын, жыл сайынғы санақ жинақтарының құжаттарын дайындауға және шығаруға, зейнетақымен қамсыздандыру мен әлеуметтік сақтандыруды үйлестіруге және үндестіруге бағытталған. Қауымдастық мүшелерінің құқық саласындағы, атап айтқанда көп тараптық және екі жақты шарттар (келісімдер) жасау арқылы ынтымақтастығы, ТМД мен Балтық елдеріндегі әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ортақ ақпарат жүйесін дамытуға көмек көрсету көзделген.