2018 ЖЫЛДАН БАСТАП КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫЛАРҒА БЕРІЛЕТІН АРНАЙЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЖӘРДЕМАҚЫ ӨСЕДІ
2018 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы өседі. Бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова ведомствода брифинг барысында атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің жаңа тәртіптерін түсіндірді.
«Арнайы әлеуметтік көмек тағайындаудың шекті деңгейін күнкөріс деңгейінің 40%-нан 50%-ға дейін ұлғайту жәрдемақы сомасын ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда 4 және одан да көп баласы бар отбасылар 8246 теңге мөлшерінде белгіленген арнайы мемлекеттік жәрдемақы алып отыр. Заңнамаға енгізілген өзгертулерге сәйкес,2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап отбасы табысы күнкөріс деңгейінен 50%-ға төмен және еңбекке жарамды отбасы мүшелері әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, атаулы әлеуметтік көмек әр балаға беріледі. Яғни, отбасында 6 адам, 2 ересек және 4 баласы бар табыс көзі жоқ отбасы бұрынғы 8246 теңгенің орнына 61 326 теңге алады», – дейді вице-министр.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 8 қазанында ҚР Парламенті «ҚР кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» заңды қабылдаған болатын.