ҚЫЗЫЛОРДАДА СТУДЕНТТЕРГЕ АРНАЛҒАН «АШЫҚ ЕСІКТЕР» АТТЫ АКЦИЯ БАСТАУ АЛДЫ
14 қазанда «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ Қызылорда облысы бойынша аймақтық филиалы және Жастарды қолдау орталығы бірлесіп, студенттерді «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдауға арналған бірегей бағдарламасының қолдауына ие болған аймақтың кәсіпорындарды аралау турын ұйымдастырды. Қызылордалық оқу орындарының 60-тан аса студенттері күріш өңдеумен айналысатын ПТ «Абзал және К», «Қызылорда-Қанағаты» ЖШС типографиясын және «Зерновая долина» ЖШС макарон цехының жұмысымен танысты.
Жастар кәсіпорындағы жұмыс барысын өз көздерімен бақылап, бизнес құрудың жолдарымен танысты.
Студенттер бірінші кезекте ПТ «Абзал и К» компаниясына барып, кәсіпорындағы күрішті өңдеу процесімен танысып қоймай, қызықты видеосюжет көру арқылы әлемнің 12 еліне өнімін экспорттайтын компанияның құрылу тарихын тамашалады.
Тур аясында келесі аялдама «Қызылорда-Қанағаты» ЖШС мекемесінде болды. Компания директоры Ермек Аяпов экскурсияны өзі басқара отырып, типография жұмысымен таныстырды. Сондай-ақ, өз компаниясының өңірдің жарнама саласында жұмыс жасайтын табысты мекеме екенін атап өтті.
Соңғы кезекте «Зерновая долина» ЖШС макарон өнімдерін шығаратын цехтағы экскурсия қорытындылады. Компания өкілі жастарға цехтағы макарон және нан өнімдерін шығаратын толық процесті баяндады. Студенттер шикізаттан дайын өнім шығару мен оны тапсырыс берушіге өткізу құрылымымен танысып, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Экскурсиядан кейін оқу орындарының студенттері өздерінің жағымды әсер алғандарын айта келе, Даму Қоры мен жастарды қолдау ортылығы ұйымдастырған қызықты да маңызды іс-шараға өз алғыстарын жаудырды.
Ұйымдастырушылардың сөзінше, «Ашық есік» акциясы тұрақты түрде өткізілетін болады және келесі кезекте жиһаз шығаратын компаниялардың жұмымысымен осы салада білім алып жатқан жастарды таныстыратындықтарын айтып өтті.