ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ҚР ІV ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ
Үстіміздегі жылдың 14-20 қазан аралығында Қызылорда қаласында Қазақ хандығының 550-жылдығына және Қазақстан Халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналған ұлттық спорт түрлерінен ҚР ІV фестивалі өтуде. Оған Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 2000-ға жуық спортшы қатысуда.
Төрт жылда бір ұйымдастырылатын фестиваль бағдарламасында бәйге, қазақ күресі, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу, тоғызқұмалақ, асық ату, құсбегілік, жамбы ату, жекпе-жек секілді спорттың 13 түрінен жарыстар болады. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖСШ жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Садық Мұстафаев мәлімдеді.Сондай-ақ, жиынға ойындардың бас төрешісінің орынбасары Сейдолла Жеңісұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұлттық спорт түрлері басқармасының басшысы Мақсат Қойшыбаев, ҚР ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Ерлен Оспановтар қатысты.
Елімізде ұлттық спорттүрлерін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастарды отансүйгіштікке және халықтар арасында достық пен татулықты нығайту, ең бастысы ұлттық спорт түрлерін дамытудағы ең мықты өңірді анықтау мақсатында өткізіліп жатқан фестивальдің ресми ашылуы 16 қазан күні сағат 17.00-де орталық стадионда өтеді.
Спорттық шаралар Ғ.Мұратбаев атындағы орталық стадионда, «Еуразия» спорт кешенінде, «Мұз айдыны» және «Нұрсәт» теннис орталығында өтеді. Ашылу салтанатына ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан қатысады деп күтілуде.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА