СОТ ӘДІЛДІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Қызылорда облыстық сотының мәжіліс залында Қызылорда облысы соттарының 2015 жылдың 9 айында сот әділдігін жүзеге асыру барысында атқарған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Бұл туралы Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз конференциясын облыстық соттың төрағасы Н.Қайырбеков, азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы Қайрат Адранов пен қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасының төрағасы міндетін атқарушысы Г.Дүйсенбаев жүргізді.
Журналистермен кездесу барысында облыстық сот төрағасы Н.Қайырбеков есепті кезеңде атқарылған жұмыс барысына тоқталды.
Баспасөз мәслихаты барысында Қызылорда облысы соттарымен ағымдағы жылдың 9 айындағы сот төрелігін жүзеге асыру бойынша статистикалық мәліметтер айтылды.
2015 жылдың 9 айында аудандық және оған теңестірілген соттарының өндірісіне 17 542 талап арыз (арыз, шағым), 361 іс түскен (2014 ж. - 17 666), яғни осыған дейін әр тоқсан сайын арыздардың сотқа түсу саны өсіп отырған болса, бұл жолы керісінше арыздар 124-ке немесе 0,7 пайызға азайған.
Айта кетерлігі, Электронды түрде облыс соттарына барлығы 4 865 талап арыз түскен.
Есепті кезеңде аудандық және оған теңестірілген соттарға 13 428 әкімшілік іс түсіп (2014 ж. 9 айы – 12 021 іс), өткен жылмен салыстырғанда 1 407 іске немесе 10,5 пайызға көбейген. Әкімшілік жауаптылыққа 11 998 адам тартылып, 964 адам жөніндегі істер қысқартылған. Қалдықта 80 іс қалған.
2015 жылдың 9 айында жергілікті соттарда 106 қылмыстық іс өткен жылдан қалдыққа қалған, 1226 қылмыстық іс түсіп, 1244 қылмыстық іс 1370 адам бойынша аяқталған. Оның ішінде 751 қылмыстық іс 869 адамға қатысты үкімдер шығарылған, 494 адам жөніндегі 427 іс өндірістен қысқартылған, іс 10 адам жөнінде қосымша тергеуге жолданған, заңмен тыйым салынған әрекеттерді есі дұрыс емес халде жасаған 7 адамға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылған. 2014 жылдың 9 айымен (2014 ж. 9 айда - 1289 іс 1433 адам бойынша қаралған), салыстырғанда қаралған істердің саны 45 іске азайған.
Ал, «Медиация туралы» Заңның қолданысқа енгізілгеннен бастап облыс соттарында медиаторлармен 222 (аяқталған істердің 17,8%) қылмыстық іс қаралып, сотталушылар жәбірленушілермен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен қысқартылған.
Сыбайлас жемқорлыққа байланысты қаралған қылмыстық істер жөнінде айтар болсақ, 2015 жылдың 9 айында аудандық және оған теңестірілген соттарда 26 адамға қатысты 23 (1,8 %) іс аяқталған (2014 жылдың 9 айында –43 адамға қатысты 39 іс аяқталған немесе 3%).
Есірткінің заңсыз айналымына байланысты 2015 жылдың 9 айында 147 адамға қатысты 147 іс есірткінің заңсыз айналымына қатысты қаралған (2014ж. 9 айы – 47 адамға қатысты 43 іс).
Өңір тілшілері тарапынан сот жұмысын үздік көрсететін журналистік жұмыстарға арналған байқау жөнінде сауалдар қойылды. Сонымен қатар, іс-шара журналистермен сұрақ – жауап түрінде өрбіді.
Кездесу соңында өңірлік және республикалық бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері соттарға белсенді іскерлік қатынастары және уақытылы ақпарат беретіндіктері үшін алғыстарын білдірді.