ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ АУМАҒЫНДА КҮН ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ
Қазақстанның басым аумағында атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде күн жауын-шашынды, жел күшейіп, тұман түседі, тек республиканың батысы мен оңтүстік-батысында күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Маңғыстау, Павлодар облыстарында кей бөліктерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ке дейін күшейеді. Күндіз Қызылорда өңірінде жел соғады, шаңды дауыл көтеріледі, Оңтүстік Қазақстан облысында тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Жамбыл облысында да тұман түседі деп күтілуде.
Сондай-ақ Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.
15-16 қазан күндері Жамбыл, Алматы облыстарының таулы аудандарында қар аралас жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде 2-7 градус жылыны, кей жерлерде 3 градус аязды көрсетсе, күндіз 8-13, кей бөліктерде 16 градус жылы болады.