BEELINE ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ КЛИЕНТТЕРГЕ ТӘУЛІК БОЙЫ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ АУЫСУДА
Beeline Қазақстан әлеуметтік желілерде клиенттерге тәулік бойы қызмет көрсетуге ауысатыны туралы жариялайды.
Beeline Қазақстан компаниясы Facebook, Twitter, Вконтакте, Одноклассники, Instagram және YouTube әлеуметтік желілерінде ресми түрде ұсынылған. Жазылушылардың жалпы саны 181 мың адамнан астам.
Beeline Қазақстан компаниясының Бас коммерциялық директоры - Александр Комаров: «Біздің міндетіміз клиенттермен digital ортада қарым-қатынас жасау. Әлеуметтік медиада абоненттерге қызмет көрсету тәжірибесі, қазақстандықтардың онлайн режимінде көп болатынын және өз мәселелерін интернет арқылы шешетінін көрсетті. Клиенттердің қажеттіліктерін анықтай отырып, Beeline customer care қызметін ыңғайлы және озық түрде жасайды және жасауға тырысады. Халықаралық байқаулардға бірнеше дүркін қатысуы және жеңіске жетуі Beeline Қазақстанның Клиенттерге қызмет көрсету дирекциясының дұрыс дамып келе жатқанының дәлелі және компанияның сандық операторға айналуының нәтижесі», - деп өз ойын жеткізді.
2015 жылы көктемде «Хрусталь Гарнитура» халықаралық байқауында Beeline әлеуметтік желілерде клиенттерге қызмет көрсететін Қазақстандағы үздік оператор ретінде танылды. «Әлеуметтік желілерде қызмет көрсетудің үздік тәжірибесі» аталымы бойынша компания 20 шақты жоғары білікті қызметкер жұмыс істейтін, Интернет қызмет көрсету бағытындағы Клиенттерге қызмет көрсету дирекциясының командасын ұсынды. Интернет қызмет көрсету командасы тәулігіне 18 сағат 08:00-ден 02:00-ге дейін жұмыс істеді, осы жылдың күзінен бастап 24/7 режиміне ауысты.
Әлеуметтік желілерде Beeline клиенттеріне қызмет көрсету 2010 жылы басталды. Алғашқы жылы 892 өтініш өңделді. 2011 жылы - 2675, 2012 жылы - 16929, 2013 жылы – 21108 және 2014 жылы – 15537 өтініш өңделді. Осы жылғы қаңтар-қыркүйек айларының аралығында Beeline-ның 16 323 клиенті әртүрлі өтініштермен және сауалдармен хабарласты.
Beeline Қазақстанның ресми парақшалары:
• Facebook: www.facebook.com/Beeline.Kazakhstan
• Twitter: twitter.com/_Beeline_kz
• Вконтакте: vk.com/beeline_kaz
• Одноклассники: ok.ru/beeline.kazakhstan
• Instagram: instagram.com/beeline_kz
YouTube: www.youtube.com/user/BeelineKazakhstan