А.АЙЫМБЕТОВ ЕЛБАСЫНА ЖЕР ШАРЫН 150 РЕТ АЙНАЛЫП ШЫҚҚАН МЕМЛЕКЕТТІК ТУДЫ ТАБЫСТАДЫ
Бүгін Ақордада Қазақстанның үшінші ғарышкері Айдын Айымбетов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ғарышта болып, ғаламшарды 150 рет айналып шыққан Мемлекеттік туды табыстады, деп хабарлайды BNews.kz.
«Аса мәртебелі Елбасы! Мен Сіздің тапсырмаңызбен ғарышқа сапар шегіп, оралдым. Маған және еліміздің ғарыш саласына жасаған зор қамқорлығыңыз үшін шексіз алғысымды білдіремін. Еліме адал қызмет етемін», - деді марапаттау рәсімінде А.Айымбетов.
А.Айымбетов атап өткендей, 1998 жылдан бастап 17 жыл бойы Елбасының тапсырмасы бойынша ғарышқа ұшуға дайындалған.
«Мен үшін Қазақстанды халықаралық экипажда таныстыру өте үлкен мәртебе. Сіздің қамқорлығыңыздың нәтижесінде елде ғарыш саласы қалыптасты. Сіз қазақстандық ғарышкерлер үшін ғарышқа жол аштыңыз. Тәуелсіздің жылдары құрылған әлеует қазақстандық ғарыштың дамуына үлкен үлес қосты. Болашақта ғарыш саласына үлес қосуға жұмыс істеймін», - деді А.Айымбетов.
Сонымен қатар ғарышкер Елбасына ғарышқа жасаған сапары барысы туралы баяндап, Халықаралық ғарыш стансасына өзімен бірге алып барған еліміздің Мемлекеттік туын табыс етті.
«Біздің ұшуларымыз кезінде Халықаралық ғарыш стансасының бортында Қазақстан Респубилкасының мемлекеттік туы да болды. Ол біздің Жер шарымызды 150-ден астам рет айналып ұшты. Бүгін осы туды мемлекетіміздің негізін қалаушы әрі көшбасшысы Сізге табыс етуге рұқсат етіңіз», - деді Айымбетов.