ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТАБИҒИ АПАТТАР ҚАУІПТЕРІН БАҒАЛАУ МЕН БАСҚАРУ НЕГІЗДЕРІ ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
2015 жылдың 12-13 қазан аралығында Қызылорда қаласында табиғи апаттар қауіптерін бағалау мен басқару негіздері тақырыбында семинар өткізілді. Семинарға облыс әкімшілігі, төтенше жағдайлар департаменті, «Оңтүстік өңірлік аэромобильдік жедел құтқару жасағы» ММ, «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметі» ММ, ҚР-дағы Халықаралық Аралды құтқару қорының Қызылорда филиалының басшылығы, «Қазсушар» РМК Қызылорда филиалының басшылығы, «Табиғи апаттардың қаупін бағалау, алдын алу және оларға қатысты жауап шара қолдану жөніндегі ұлттық әлеуетті күшейту» Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасы сарапшылары және тағы да басқа 50-ден астам мекеменің өкілдері қатысты.
12 қазан күні «Хан Шатыр» мейрамханасының залында облыстағы табиғи және техногендік сипаттағы апаттардың қаупін бағалау, гидрометерологиялық құбылыстар, сейсмикалық қатерлер, қоғамдық бірлестіктердің іс-әрекетін жоспарлау және тағы да басқа өзекті тақырыптарда баяндамалар оқылды.
13 қазан күні Сырдария жағалауында «Штандарт» өндірістік фирмасының өкілі Дмитрий Воробьев «Штандарт» өндірістік фирмасының су тасқыны кезінде немесе төтенше жағдай туындағанда қолданылатын модулдық габиондық құрылмаларды семинарға қатысушыларға таныстырып, габиондық құрылмалардың құрастырылуы мен пайдаланылу тәртібін іс жүзінде көрсетті. Осы шараға БАҚ өкілдері де қатыстырылды. Қызылорда облысы ТЖД Азматттық қорғаныс басқармасының бастығы С.Молдақараев осы семинардың маңыздылығы жөнінде жергілікті «Қоғам ТД» арнасына сұхбат берді. Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан модулдық габиондық құрылмаларды алуға ұсыныстар да жасалды.
Қызылорда облысы ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы