«ЭЛЕКТРОНДЫ ҮКІМЕТ» ВЕБ-ПОРТАЛЫНДА КӘІСПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІН ТІРКЕУГЕ ӨТІНІШ БІЛДІРГЕНДЕР САНЫ АРТТЫ
Елімізде жыл сайын кәсіпкерлерге жасалып отырған оңтайлы жағдайлар аз емес. Ал қаңтар айында күшіне енген өзгерістер өз кәсібін дөңгелетіп отырғандар үшін үлкен демеу болды. Жыл басынан «Электронды үкімет» веб-порталында кәіспкерлік субъектілерін тіркеуге өтініш білдіргендер саны артты. Тоғыз айдың ішінде 493 заңды тұлға тіркелсе, 46 филиалдар мен өкілдіктер есептік тіркеуден өткен. Ал шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген заңды тұлғалар саны 231-ді құрап отыр. Бұл туралы бүгін «Сыр медиа» ЖШС жанындағы облыстық коммуникация орталығында өткен брифинг барысында Қызылорда облысының Әділет департаменті басшысы Балайым Кесебаева хабарлады.
Тоғыз айдың қорытындысы бойынша есеп берген Б.Кесебаева Әділет органдары құзіретіндегі міндеттер мен мақсаттардың өз деңгейінде орындалып келе жатқанын айтты.
Елбасының былтырғы тапсырмасына сәйкес, Әділет департаменті мен сот актілерін орындау департаменті біріктірілген болатын. Енді мемлекеттік сот орындаушылар Әділет департаментіне қарасты бөлімше боп саналады.
«Есепті кезеңде департаменттің аумақтық филиалдарымен 14 млрд. 892 млн. теңгенің 29 466 атқарушылық өндіріс қозғалып, 22 млрд. 85 млн. теңгенің 51 296 атқарушылық өндіріс орындауда болған. Департамент 9 ай көлемінде мемлекет пайдасына 10 пайыз санкция өндіруде бірқатар жұмыстар атқарды. Нәтижесінде осы аралықта 21 932 043 теңге мемлекет пайдасына өндірілді»,- дейді департамент басшысы.
Ақнұр ЖАҒЫПАРОВА