ҚАЗАҚСТАНДА ЖҮРІЛГЕН АВТОКӨЛІКТЕРДІ БАСТАПҚЫ ТІРКЕУ АЛЫМЫ АЙТАРЛЫҚТАЙ АРТАДЫ
Қазақстанда ДСҰ-на мүшелік аясында жүрілген көліктерді бастапқы тіркеу алымы өседі, деп мәлімдеді ОКҚ брифингінде ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Рау, деп жазады primeminister.kz.
«Егер 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақыт жүрілген көлік болса, онда бір реттік алым 50 есептік көрсеткішті, ал жүрілген мерзімі 3 жылдан асса, онда 500 есептік көрсеткішті құрайды», - деді А.Рау.
Сонымен қатар, ол автобус не болмаса жүк көлігі әкелінетін болса, онда тіркеу алымы мұнан да жоғары болатындығын атап өтті.
«Бұл шара балама ретінде енгізілуде. Жалпы бірқатар елдерде мұндай алым бар, ол Дания, Болгария, бірқатар елдерде автокөлік әкелінгенде оның жасына қарайды. Мұндағы екінші мақсат - елімізге жүрілген автокөліктердің әкелуін шектеу», - деп бас айтты ол.
Сондай-ақ, ол жаңа автокөліктерді әкелген жағдайда тіркеу алымы бұрынғы деңгейінде қалатынын айтты.
Ол бүгінгі таңда Қазақстанда 4 млн жеңіл көлік бар екендігін, олардың жартысының жасы 19 жылдан асатынын атап өтті.