АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕКТІ ЕСЕПТЕУДІҢ ЖАҢА ТӘРТІПТЕРІ ЖӘРДЕМАҚЫ СОМАСЫН ҰЛҒАЙТУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ
Бұл туралы ҚР ДСӘДМ-де өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.
Ол ағымдағы жылдың 8 қазанында ҚР Парламенті бес институционалды реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының 84-қадамын іске асыру шеңберінде әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» Заңды қабылдағанын еске салды.
Аталған Заң аясында 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің (бүгінде – 40%) 50%-нан төмен отбасына жұмысқа жарамды отбасы мүшелерінің міндетті түрде қазіргі таңдағы қолданыстағы жұмыспен қамту шараларын алмастыратын белсенді шараларға қатысуымен шартталған атаулы әлеуметтік көмекті (әрі қарай - АӘК) әрбір отбасы мүшесіне көрсетудің жаңа тәртіптерін енгізу қарастырылады:
- көпбалалы отбасыларына арнайы мемлекеттік жәрдемақы (әрі қарай - АМЖ);
- аз қамтылған отбасыларына арналған 18 жасқа дейінгі мемлекеттік балалар жәрдеамақысы;
- аз қамтылған үй шаруашылығына берілетін атаулы әлеуметтік көмек.
«АӘК-ны тағайындаудың шектік деңгейін күнкөріс деңгейінің 40-нан 50%-ға дейін ұлғайту жәрдемақы сомасын көбейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бүгінгі таңда 4 және одан да көп балалары бар отбасылары 8246 теңге көлеміндегі белгіленген АМЖ алады. Заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, 2018 жылдан бастап сәйкес негіздемелері болған жағдайда (отбасы табысы күнкөріс деңгейінен 50%-ға төмен және еңбекке жарамды отбасы мүшелері әлеуметтік келісімшарт жасасқанда) АӘК әрбір балаға беріледі. Осылайша, құрамында 6 адам бар (2 ересек, 4 бала) табыс көзі жоқ отбасы 8246 теңгенің орнына 61326 теңге алатын болады», - деп хабарлады С. Жақыпова.
Сонымен қатар, Вице-министр жаңа үлгідегі АӘК-нің шартсыз және шартты ақшалай көмек болып 2 түрге бөлінетінін атап айтты.
Шартсыз ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларына (мәселен, қарт зейнеткерлер мен мүгедектер отбасы) немесе еңбекке жарамды мүшелері еңбекпен қамту шараларына объективті себептермен қатыса алмайтын отбасыларына (мысалы, мектеп жасындағы балалары бар жалғызбасты ана) беріледі. Мұндай отбасыларынан жәрдемақы алуы үшін жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысу талап етілмейді.
Шартты ақшалай көмек құрамында еңбекке жарамды кем дегенде бір мүшесі бар отбасына әлеуметтік келісімшарт жасасқан жағдайда, сонымен қатар, отбасының барлық еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына міндетті түрде қатысқан жағдайда беріледі.
Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара жауапкершілікті мойындарына алады: әлеуметтік қызметтер жұмыспен қамту шараларын қарастырып, жәрдемақы төлесе, отбасының еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына адал ниетпен қатысады.
«Тұлғаларға тектен тек ақшалай көмек ұсынылмайды, оған жұмысқа орналасуға көмек беріледі, қайта даярлау мен кәсіби біліктілігін арттыру үшін әртүрлі курстарға жіберіледі. Осылайша, отбасының кедейлік жағдайынан шығу мүмкіндігі ынталандырылады» - деді С. Жақыпова.
Сондай-ақ, 2018 жылдың 1 қаңтарынан енгізілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақыдағы өзгерістері келесі мәселелерді қарастырады:
- ҰОС мүгедектері мен қатысушылары, қарт адамдар, тыл еңбеккерлері (барлығы 14 азаматтар санаты) тәріздес санаттағы азаматтарға арнайы мемлекеттік жәрдемақыны сақтау;
- «Алтын алқа», «Күміс алқа», бұрындары «Батыр ана» атағын алғандар, I және II дәрежелі «Аналық даңқ» орденімен марапатталған көпбалалы аналар үшін АМЖ-ны «Балалары бар отбасыларына арналған мемлекеттік жәрдемақы туралы» Заңымен реттелетін көпбалалы аналарға арналған жәрдемақыға өзгерту.
- Мүгедектерге арналған арнайы мемлекеттік жәрдемақыны мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақымен біріктіру.
«Бұл жәрдемақы тағайындау процедураларын жеңілдетеді. Аталған шараларды қолдану мүгедектердің құқығын шектемейді, өйткені, төленетін жәрдемақы көлемі азаймайды. Мүгедектік бойынша төленетін мемлекеттік жәрдемақы қазіргі таңдағы АМЖ сомасына ұлғайтылатын болады», - деп түсіндірді Вице-министр.
Заң жобасын жүзеге асыру 2018 жылы республикалық бюджеттен 11,8 млрд.теңге көлеміндегі қосымша қаржыны талап етеді.