ҚАЗАҚСТАН МЕН ГОЛЛАНДИЯ ҒАРЫШ САЛАСЫНДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТТЫ
Нидерланд ғарыш кеңсесінің (НҒК) директоры Херрит Ньюпоорт бастаған делегация ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетімен (Қазғарыш) ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселесін және Жерді қашықтықтан зондтаудың (ЖҚЗ) голландия технологияларының тұсаукесерін, сондай-ақ оларды энергетика секторында және ауыл шаруашылығында қолданудың тәжірибелік үлгілерін талқылау үшін Қазақстанға ресми сапармен келді, деп хабарлайды BNews.kz.
«Нидерланд делегациясының құрамына «NEO», «SKYGEO», «Orbital Eye», «eLEAF» және «Ocean Space Consult BV» сияқты компаниялар кіреді. Делегацияның қатысушылары 2014 жылдың наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Нидерландыға сапары шеңберінде Нидерланд ғарыш кеңсесі мен Қазғарыштың арасындағы қол қойылған, ғарыш қызметі саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мәмілелер туралы хаттаманың ережелерін іске асыру үшін бірлескен жобаларды талқылады», - делінген ҚР ИДМ Аэроғарыш комитетінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Сондай-ақ іс-шаралар барысында Қазақстан мен Нидерланд арасындағы ғарыштық және геоақпараттық салалардағы халықаралық бизнестегі ынтымақтастықтың ұзақ мерзімді бағдарламасының болашағы мен мазмұны бағаланған болатын. Бұған ауыл шаруашылығында, экологияда, энергетика мен инфрақұрылымда спутниктік қашықтықтан зондтау технологияларын қолдану кіреді.
Бұдан басқа, сапар барысында Қазғарыштың, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-тың басшыларымен кездесті, сондай-ақ Алматы қаласында KIOGE халықаралық мұнай-газ көрмесіне барды.
Спутниктік түсірілімдер мен ЖҚЗ нәтижелерін пайдалану жөніндегі семинардың ашылуында сөз сөйлеп, Қазақстандағы Нидерланд Елшісі Ханс Дриссер ғарыш қызметіндегі Қазақстан мен Нидерланд арасындағы серіктестікті қолдады.
Сондай-ақ, Нидерланд Ұлттық ғарыш агенттігінің директоры Херрит Ньюпоорт пен Нидерланд Ұлттық ғарыш агенттігінің Халықаралық бөлімінің бастығы Томас Блеккер сөз сөйледі.
Естеріңізге салсақ, Голландияның ғарыш саласы 60 астам кіші және орта кәсіпорындарды, зерттеу институттары мен университеттерін қамтиды. Осы саланың ғылыми-зерттеу іздеу жұмыстарына жұмсалған шығындар көлемі экономиканың бұл секторының 1/3 бөлігін құрайды.
Егер ғарыштық технологиялар мемлекеттік және жекеменшік кәсіпорындардың күнделікті іс-әрекеттеріне енгізілген жайдайда, олар қоғам өмірінің маңызды бөлігі болуы мүмкін. Халықаралық ынтымақтастық елдің ғарыш саласындағы мүмкіндіктерін кеңейтудің маңызды бөлігі болып табылады.