МҰСТАФА ШОҚАЙ – АЛАШ ҚАЙРАТКЕРІ
Кеше Ұлт жанашыры, Алаш қайраткері Мұстафа Шоқайдың туғанына 125 жыл толуын атап өту мақсатында Сыр өңірінің басты білім ошағы саналатын Қорқыт Ата атындағы ҚМУ-нің Студенттер сарайында «Мұстафа Шоқай – Алаш қайраткері» тақырыбында ғылыми конференция ұйымдастырылды.
Шарадан соң республиканың әр өңірінен келген меймандарға арнап «Орда» мейрамханасында қонақасы берілді. Аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаевтың өзі ашып бастаған қонақасына, сондай-ақ, тарих, филология, мәдениет, саясат ғылымдарының қайраткерлері де қатысып, Мұстафа Шоқайдың Түркістандағы кеңестік биліктің отаршылдық сипатын алғаш таныған және онымен күресуге бүкіл ғұмырын арнаған, түркі халықтары тарихында жаңа интеллектуалды көкжиекке көтерілген қайраткер екенін тағы да бір дәлелдеп, терең ойлы әңгімелер айтылды.