ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗЫНАШЫЛЫҚ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті басшысы болып Әуезбек Дүйсенбаев тағайындалды.
Дүйсенбаев Әуезбек Сейткамалұлы 1962 жылы 12 мамырда Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туылған. 1986 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумды «Мемлекеттік бюджет» мамандығы бойынша, 1992 жылы Қазақ ұлттық экономика университетін «қаржы және кредит» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік заң Академиясын «юриспруденция» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 1986 жылы Сырдария аудандық қаржы бөлімінде мемлекеттік бюджет бойынша экономист болып бастаған. 1988-1991 жылдар аралығында Сырдария аудандық қаржы бөлімінде бас ревизор-инспекторлық қызмет атқарған. 1991-1997 жылдары Сырдария аудандық мемлекеттік салық инспекциясы басшысының орынбасары, 1997-1999 жылдары Қызылорда қалалық Салық комитетінің жанама салықтар бөлімінде басшылық қызметтер атқарған. 1999-2001 жылдар аралығында Қызылорда қаласы бойынша салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы, Қызылорда облыстық салық комитетінің заңды тұлғалармен жұмыс жасау бөлімін басқарған. 2001-2003 жылдары Қызылорда облысы Шиелі аудандық салық комитетінің төрағасы, 2003 жылдың наурыз-қазан айларында ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің оңтүстік аймақтық №1 аймақаралық салық комитетінің төрағасының орынбасары, 2003 жылдың қазан айынан бастап Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің ішкі жұмыстар басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2004 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінге дейін Қызылорда облысы бойы нша Салық комитеті басшысының орынбасары лауазымын атқарған.